АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Ақтөбедегі демалыс базасында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Трагедия 28 қаңтарда сағат 15:30-да болды.
Демалыс базасы аумағында 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала қарда жүретін Lynx көлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткен.
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қаза болды. Сондай-ақ 49 жастағы ер адам және кәмелетке толмаған бес бала, соның ішінде бір жасар сәби, медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазір бұл факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.