Таразда суицид жасаған бойжеткен аман қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Таразда биік ғимаратқа шығып, суицид жасаған 19 жастағы қыз аман қалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 27 қаңтарда болған. Сағат 15:50 шамасында Тараз қалалық полиция басқармасына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимаратта қыз баланың суицид жасағаны туралы хабарлама түскен.
Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады.
Қазіргі уақытта "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.