АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне анафилаксиялық шок емес, миокард инфарктісі себеп болған, деп хабарлады Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
"Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша науқастың өліміне жедел миокард инфарктісі тікелей себеп болғанок. Анафилаксиялық шок алуы мүмкін екендігі туралы ақпарат расталмады", - делінген хабарламада.
Ведомство жедел жәрдемнің дер кезінде, 5 минутта жеткенін атап өтті.
"Бригада келген кезде, өкінішке қарай, науқас қимыл-қозғалыссыз жатқан. Есін білмеген, тамыры соқпаған және тыныс алмаған. Осыған қарамастан, реанимациялық шаралар жүргізілді, нәтиже болмады", - деді басқарма мамандары.
Еске салсақ, Гүлмира Кәрімова биыл 14 қаңтарда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысынан сенатқа депутат болып сайланған еді.
Бұған дейін ол оқу-ағарту министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім комитетін басқарды.