Спорт

Қазақстандық дзюдошы қыз Португалияда алтын медаль жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан үшін бұл тарихи финал болды. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова отандасымыз Ғалия Тынбаевамен кездесті.
Әбужақынова "алтын", ал Тынбаева "күміс" медаль жеңіп алды.
Әлемдік рейтингте Әбужақынова сегізінші орында тұр, Тынбаева 52-ші позицияға жайғасқан.
Айта кетері, Әбиба – былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.