АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Астана – Шымкент бағытындағы әуе көлігінен мас жолаушы түсірілді, деп хабарлады Polisia.kz.
27 қаңтарда 55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбай, өзгелердің мазасын алған.
Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне шағымдануға мәжбүр болған.
Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу және әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 27 600 теңге мөлшерінде айыппұл салды.