АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Елордада бір күнде есірткі сатқан және сақтаған 5 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын таратып жүрген қылмыстық топты ұстады.
Топты бұрын сотталған 37 жастағы ер адам ұйымдастырған. Оның пәтерін тінту кезінде 8 келі "гашиш", электрондық таразы, "зиплок" және 450 000 теңге табылды.
Жедел-іздестіру кезінде есірткіні сақтаған, буып-түйген және оларды іске асырумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды.
Полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі тәркіледі. Бұл 46 мыңнан астам бір реттік дозалар.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті қамауда отыр, тергеу жүргізіліп жатыр.