Жетісайда бірнеше дүкенге түскен ұрылар ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түсті деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның базарда орналасқан азық-түлік дүкеніне ұры түсіп, 500 мың теңге ақшасы мен екі сұйық майды ұрлап кеткен.
Дәл осындай арызбен полицияға тағы 3 бірдей тұрғын шағымданған. Олардың да кассаларында тұрған ақшасы жоғалған.
Полиция бейнебақылау камераларына түсіп қалған екі жергілікті тұрғынды анықтады.
Олар тапқан оңай олжаларын жұмсап жіберген. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.