Қоғам

Түрмеде терроризмді насихаттаған қазақстандық сотталды

Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында жазасын өтеп жүрген азамат колонияда терроризмді насихаттап келгені үшін төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау фактісі бойынша У. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Сотталған адам түзету мекемесінде 2020 жылдан бері жазасын өтейді. Анықталғандай, ол жазасын өтеу кезінде қамауда отырғандар арасында радикалды идеологияны таратып келген.
2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының №2 соты оны Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімі заңды күшіне енді.