Қоғам

Жуырда сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Парламент сенатының депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды.
"Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қатты қайғырып хабарлаймыз. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылды", - деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан парламенті сенатының депутаттары мен аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске салсақ, Гүлмира Кәрімова биыл 14 қаңтарда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысынан сенатқа депутат болып сайланған еді.
Бұған дейін ол оқу-ағарту министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім комитетін басқарды.