АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 68 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 62 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 743 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 108 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 405 694 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.