Әлем

Иранда Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалды – бір қызметкер көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Иранда Әзербайжан елшіліген қарулы шабуыл жасалды. Күзет қызметінің бастығы қаза тапты.
Желіде қарулы шабуылдың видеосы тарады. Ер адам Калашников автоматымен оқ атқан. Оны елшілік қызметкері ұстап алды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елшілікке жасалған шабуылды теракт деп атады. Сондай-ақ, қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтты.
Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кананидің айтуынша, тергеудің алдын ала нәтижесін жарияланды. Оған сәйкес, шабуылға жеке адамның мәселесі себеп болған.
Бірақ Әзербайжан ондай болжаммен келіспей отыр. Осы елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айхан Гаджизаденің айтуынша, Иран елшілікке жасалған шабуылға қарсы шара қолдануға тиіс еді.
"Біз Иран үкіметінен арандатушыларды анықтауға қажетті шара қолдануды талап етеміз. Соңғы уақытта ирандық БАҚ-та Әзербайжанға қарсы кең ауқымды үгіт-насихат жүргізіліп жатыр. Осының бәрі шабуылға түрткі болуы мүмкін", - дейді Гаджизаде.
Елшілікке шабуыл жасаған адам анықталды. Ол – Иран азаматы Ясин Хоссензаде.
Әзербайжанда елшілікке террористік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада елшілік қызметкерлері қауіпсіз жерге көшіріледі.