Сенатта комитет төрағалары сайланды

Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Бүгін сенаттың бүгінгі отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді. Сондай-ақ комитет төрағалары сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атап айтқанда, Андрей Лукин конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болса, Сұлтанбек Мәкежанов қаржы және бюджет комитетін, Асқар Шәкіров халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін, Сүйіндік Алдашев экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін, Нұртөре Жүсіп әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетін, ал Әли Бектаев аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетін басқарады.
Орталық сайлау комиссиясы сенаттың 31 депутатын тіркеді