Коронавирус жұқтырған жүзден астам адам ауруханаға түсті

Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясы 62 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 66 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 26 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 711 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 114 пациент стационарда, 1 597 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 405 626 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Денсаулық
Қазақстанда "кракен" штамы бар ма – вице-министр жауабы