АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Сәрсенбі "Nova Цинк" ЖШС қызметкері қайтыс болды.
Қабылдау бункерінде жұмыс істеу кезінде оны мырыш рудасы басып қалды, деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы.
"Жәбірленуші бункерге құлаған. Оның үстіне мырыш рудасы опырылып түскен. Салдарынан жәбірленуші тыныс алу жолдарының асфикциясынан қайтыс болды. Осы факті бойынша арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия құрылды. Бұл жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебі арнайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады", - деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасындағылар.
Қайғылы оқиға Ақжал кен орнында болды. Мұнда ЖШС қорғасын-мырыш кендерін өндірумен айналысады.