Павлодарда көшенің бойынан мәйіт табылды

Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында көшенің бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 07:10-да Павлов пен Бекмаханов көшелерінің қиылысында ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабар түскен.
"Айтылған жерге бірден шұғыл тергеу тобы барды. Марқұмның кім екені анықталды. Ол – облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны. Ер адамның жүрегі ауырып жүрген", - дейді полицейлер.
Сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде өлімнің нақты себебі анықталады.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
Өңірлер
Түркістан облысында жоғалған қарияның денесі табылды - видео