АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Екібастұз түбіндегі Лесхоз ауылының маңында жүк тиегіш электровозбен соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"24 қаңтарда сағат 17.10 шамасында Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін теміржол өткелінде жүк тиегіш электровозбен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті", - делінген министрлік тартақан хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүк тиегіш әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, ал электровоз депоға қойылды.
Екібастұз маңындағы теміржол өткелінде жүк көлігі электровозбен соқтығысты
© Photo : Пресс-служба МВД Республики Казахстан