Өңірлер

БҚО ауылында екібасты бұзау туды

Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Қосарал ауылында екібасты бұзау туды, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Мал иесі бірнеше күн бұрын туған бұзаудың басқа төлдерден ерекше екенін байқаған. Оның екі басы бар, бір-біріне жабысып қалған.
Төлдің екі маңдайы, екі танауы бар. Екібасты бұзау ауылды да дүрліктірді. Бірақ елді шулатқан бұзау бір күн бұрын өліп қалды.
Мамандар мұндай ауытқумен туған төлдің ғұмыры ұзаққа созылмайтынын айтады.
Өңірлер
Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды – видео