Саясат

Жоғарғы соттың бұрынғы басшысы да бар: сенатқа жаңа депутаттар келді

Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенаттың жаңа депутаттарын тағайындады.
Президент жарлығымен парламент сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясынан:
Евгений Андреевич Больгерт;
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Нурия Исмагиловна Ниязова;
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
Геннадий Геннадиевич Шиповских сенат депутаты болды.
Айта кетері, Жақып Асанов – Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы. Желтоқсан айының басында президент оны қызметінен босатып, орнына Асламбек Мерғалиевті тағайындаған болатын.
Бұған дейін Тоқаев бірнеше сенатордың өкілеттігін тоқтатқаны хабарланды.
Саясат
Тоқаев сенат төрағасы мен бірнеше депутаттың өкілеттігін тоқтатты