ІІМ сарбаз суицидіне қатысты мәлімдеме жасаған адвокат туралы: қызметтік этиканы бұзды

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Адвокат Сержан Пірәлиев қызметтік этика нормаларын бұзды, деп санайды ішкі істер министрлігінде.
Ол 20 қаңтарда әскерге шақырылушынының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іске қатысты баспасөз мәслихатын өткізген болатын.
"Ол өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды”, - делінген ақпаратта.
Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарбаз суициді

Еске салсақ, адвокат Сержан Пірәлиев баспасөз мәслихаты кезінде Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді қызметтегі сарбаздың киімі мен аузынан бөтен адамның биоматериалы табылды деген болатын.
Жамбыл облысының шекарасында әскери борышын өтеген 18 жастағы Бекбол Мираш 2022 жылдың тамызында ат қорадан өлі табылды.
Осыдан кейін бөлім командирі қамауға алынып, оған қатысты "ауыр зардапқа әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Суицид жасаған сарбаздың денесінен досының шәуеті табылды – адвокат