Экономика

Депозиттер бойынша берілетін өтемақының сомасы жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда теңгемен ашылған депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 304,4 миллиард теңгеге өтініш түсті, деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 қаңтарға дейін түскен өтініштер өтемақы алатын барлық салымшының 92,3 процентін құрайды. Өтініш қабылдау 10 ақпанына дейін жалғасады.
Үкімет пен ұлттық банктің арнайы бағдарламасы аясында 5 миллионнан астам депозитке өтемақы төленеді. Статистика бойынша депозиттерінде 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94%-ы өтемақы алуға өтініш берген.
"Өтінішті банктердің бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы онлайн беруге болады. Банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. 10%-дық өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 миллион теңгені құрайды", - дейді мамандар.
Айта кетері, сыйлықақы алудың басты шарты бойынша салым соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталуға тиіс.
Депозиттің мөлшерлемесі көтерілді