Арыстанбек Мұхамедиұлының бұрынғы орынбасары ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлының бұрынғы орынбасары ұсталғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық музейдің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір адам ұсталған. Ол - Мұхамедиұлының орынбасары болған Алмаз Нұразхан.
"Алтын адамның әлем музейдерімен шеруі" халықаралық көрмесін іске асыру барысында Мұхамедиұлы мен басқа адамдармен өзара келісіп, 221 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысқан Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Нұразхан ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Қоғам
Мұхамедиұлы ісі: мемлекетке 7 млрд теңге шығын келген