АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.
"Мен – көпбалалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым",- дейді, Сейілбек Олжабеков.
Еске салсақ, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.
Шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша байланыс орталықтары іске қосылды
© Sputnik