Қоғам

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімше басшысы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін атқарған. Осы уақытта маман бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллар көлемінде пара алған.
"Күдікті Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматыда басқарма басшысының орынбасары парамен ұсталды – Антикор