Әлем

Әлеуметтік желіде белсенді: әлемнің ең егде жастағы тұрғыны 115-ке келген

Ол соңғы 22 жылда әйел қарттар үйінде тұрады
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қаңтар - Sputnik. 118 жастағы Француз монахы Андре қайтыс болғаннан кейін (Люсиль Рэндон), планетаның ең жасы үлкен тұрғыны испаниялық Мария Браньяс Морера болды, деп хабарлайды Гиннесс рекордтар кітабының веб-сайты.
Бүгін Марияға - 115 жас және 325 күн, деп хабарлайды "МИР 24" телеарнасы.
Мария Браньяс Морера ата-анасы АҚШ-қа қоныс аударғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1907 жылы 4 наурызда Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында дүниеге келген.
Сегіз жылдан кейін отбасы Испанияға оралып, Каталонияда қоныстанды. Мария бұл жерді өзінің Отаны деп санайды. Соңғы 22 жылда әйел қарттар үйінде тұрады. Егде жастағы рекордшының Twitter-де блогы бар. Ол жерде өзінің өмір жолынан естеліктермен және даналыққа толы ойымен бөліседі.
Өзінің ұзақ өмір сүруінің себебін тыныштық, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас, эмоционалды тұрақтылық, уайым мен өкініштің болмауы, позитивті өмір сүру және жағымсыз ойлы адамдардан аулақ болу, сәттілік және жақсы генетиканың арқасы деп түсіндіреді.
Мария Браньяс Морера екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешірген. Испаниядағы азаматтық соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан және коронавирус ауруынан аман қалды. Оның үш баласы, 11 немересі және 13 шөбересі бар.
Қоғам
Жеті рет Гиннесс рекордын жаңартқан белгілі желаяқ өміріндегі қиындық туралы айтты