ПАВЛОДАР, 22 қаңтар - Sputnik. Екібастұзда төрт учаскедегі жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Осыған байланысты үш көпқабатты үй, 36 жеке тұрғын үй және 69 заңды тұлға жылудан уақытша ажыратылады, деп хабарлады Екібастұз әкімдігі.
Ақау бар екі учаскеде жұмыс жүргізіледі: М.Жүсіп көшесі, 58/1 және М.Әуезов, 61/1, 65.
Осыған байланысты үш көпқабатты тұрғын үйге жылу беру бірнеше сағатқа тоқтатылады.
Сондай-ақ Королев көшесінен Әуезовке дейін он тоғызыншы жылу камерасының учаскесі алмастырылады. 36 жеке тұрғын үй мен 56 заңды тұлғада бір тәулік бойы жылу болмайды.
Бұдан бөлек, Қонаева-Бұқар жырау көшелерінде ақауы бар учаске ауыстырылады. Осыған байланысты таңғы сағат 9-дан түскі 15.00-ге дейін 13 заңды тұлғаны жылудан ажырату жоспарланып отыр.
Жұмысқа барлығы 6 дәнекерлеуші, 12 слесарь және 4 инженерлік-техникалық қызметкер, сондай-ақ 4 арнайы техника жұмылдырылады.