АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында мемлекет басшысы бірқатар өндіріс кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап көруді жоспарлап отыр.
Президентті әуежайда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қарсы алды.