АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ақмола жастары" бағдарламасы 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Оны облыстық әкімдік пен Отбасы банкі іске асыруға кірісті. Негізгі талаптары:
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна – 10%;
Несие мерзімі – 19 жыл;
Несие сомасы – 15 млн теңгеге дейін.
Бірінші кезекте тұрғын үй бағдарламасына Көкшетау қаласының жастары қатысады. Себебі өңір жастарының басым бөлігі облыс орталығында тұрады.
Айта кетейік, облыстағы жастардың саны 153 мың адамнан асады, бұл облыс халқының жалпы санының 20%-ін құрайды. Қалада 68 510, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады.