АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Алматыда қаржы полициясының ескі куәлігімен кәсіпкерлерді алдап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, Алматы облысындағы кәсіпорын басшысының 1 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Сол үшін қамқорлық жасауға уәде берген.
Антикордың тағы бір жалған қызметкері ұсталды
© Photo : Пресс-служба Антикоррупционной службы
19 қаңтарда Антикордың жалған қызметкері Алматы қаласында ұсталды.
"Тінту кезінде 2014 жылы таратылған қаржы полициясы қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары.
Қаржы полициясы қызметкерінің жалған жеке куәлігі
© Photo : Пресс-служба Антикоррупционной службы
Алаяқтық заңсыз әрекетінен зардап шеккен адамдар Антикордың Call-орталығына (1424) хабарласа алады.