АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлады Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 қаңтарда сағат 13.36-да болған. Қатты отынмен жылитын пештің жанында тұрған көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылған.
Жетісу облысында пештің жанында тұрған газ баллоны жарылды
© Photo : Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Отбасындағы 4 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Өрттен зардап шеккендердің бірі – 4 жасар бала.
Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері екі техниканың көмегімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.
"Жарылысқа пештің жанында тұрған газ баллоны себеп болған. Отты жаққанда баллон қатты қызып, жарылған. Газ баллондарды пештің жанына қоюға болмайды, басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы үйді жылытуға болмайтынын ескертеміз", - дейді өрт сөндірушілер.