Түркиядан Қазақстанға жалған доллар әкелген қылмыстық топ ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті республика аумағына АҚШ долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізіп, таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.
"Жеделіздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды", - делінген хабарламада.
Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.
Түркия Республикасының құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.
Шымкентте жалған ақшамен ұсталған қала тұрғыны 10 жылға сотталды