АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik. 21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде адамдар, көлік пен жүк өткізілмейді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
"Қытайда Көктемді мерекелеуге байланысты 21-23 қаңтарда автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді. Теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады", - делінген ақпаратта.
Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтетіндерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетері Қытай Жаңа жылды енді тойлайды. Өйткені Азия елдерінде Қоян жылы 21-23 қаңтарда кіреді. Қытайда мереке және демалыс күндері 27 қаңтарға дейін жалғасады.