Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну бүгін басталады

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну 20 қаңтарда басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат кешкі алтыда аяқталады", - деді ол ОСК баспасөз мәслихатында.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 20 қаңтарда басталады және 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады. 18 наурыз – тыныштық күні.
Ол мәжіліс 98 депутаттан тұратынын атап өтті. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:
Қазақстан азаматы болуы;
соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруы;
кем дегенде 25 жаста.
Мына адамдар депутат бола алмайды:
сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сотталғандығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған;
сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Саясат
Орталық сайлау комиссиясы Путинді қолдаған депутатты өкілеттігінен айырды