АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. 2023 жылы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Биатлоншыларда 10 шақырымдық спринт өтті. Қазақстан атынан Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков қатысты.
Бекентай Тұрлыбеков екі ату шебінде бірде-бір оқ жібермей, 27:51.5 уақытын көрсетті.
Америкалық Бьорн Вестервельт Тұрлыбековтен 8,3 секундқа қалып, күміс жүлдегер атанды.
Қола жүлдені тағы бір қазақстандық Александр Мухин жеңіп алды: ол көшбасшыдан 22,2 секундқа қалып, екінші атуда екі рет мүлт кетті (0+2).