Шымкентте жеке компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Шымкентте жеке компания иммигранттарды жұмысқа құжатсыз орналастырып, заңды бұзғаны үшін 4 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция қала әуежайының аумағынан Өзбекстанның 6 азаматын ұстады. Олар әртүрлі жұмысқа жалданып жүрген. Құжат тексеру кезінде иммигранттардың заңсыз жұмыс істегені анықталды.
"Көліктегі полицейлер жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 1 200 АЕК немесе 4 млн 140 мың теңге әкімшілік айыппұл салды. Сондай-ақ 6 шетелдік жұмысшы әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапқа тартылды", - деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.