АЛМАТЫ, 19 қаңтар - Sputnik. Православтықтар 18-19 қаңтарда шоқыну мерекесін атап өтеді. Шомылу рәсімі үшін Қазақстанның өңірлерінде 250 орын анықталды.
Барлық орын әкімдіктердің және төтенше жағдайлар департаменттерінің ресми сайттарында көрсетілген. Шомылушылар үшін барлық қауіпсіздік шарасы жасалған. Сондай-ақ полиция, дәрігерлер мен құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Шомылу рәсімі
© Sputnik / Абзал Калиев
Діни мерекеде қайғылы жағдайдың алдын алу үшін төтенше жағдайлар, полиция, медицина, әкімдік саласының үш мыңға жуық қызметкері мен 1000 техника болады.
Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 5600-ден астам адам шомылды, оның ішінде 300-ден астам бала. Шомылу рәсімі ресми түрде дайындалған 20 жерде өтті. Шомылатындардың басым көпшілігі облыс орталығынан болған. Мұнда 2900-ден астам адам шомылу рәсімінен өтті.
Шомылып шыққан адамдар
© Sputnik / Абзал Калиев
Солтүстік Қазақстан облысында шомылуға және қасиетті су алуға арналған 27 орын белгіленген.
Ал Алматы облысында 11 орын шомылуға арналған.
"Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті суға түсушілерге қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112, 101 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз", - деп хабарлайды төтенше жағдайлар мамандары.
Коронавирус пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен кейін бұл мерекеге проваслав дінінің өкілдері ерекше дайындалды. 20 жыл бұрын Қазақстанда тұрып, кейін Германияға көшіп кеткен Анатолий Женжеруха мерекені туыстарымен бірге атап өту үшін жылда арнайы келіп тұрады.
Шомылу рәсімі
© Sputnik / Абзал Калиев
"Қазақстанды сағынамыз. Бұл менің Отаным, біз осында дүниеге келдік. Бірде-бір курорт біздің Отанымызды алмастыра алмайды", - дейді Анатолий Женжеруха.
17 жастағы Саина Ермұханова да шомылуға бел буған. Саинаның отбасы үшін бұл дәстүрге айналған үрдіс. Ол әкесімен бірге келген. Болатбек Ермұхановтың айтуынша, олар қатты аязда да шомылған, сондықтан қазіргі минус 15-20 градус мүлдем сезілмейді.
"Бүгін көктем сияқты. Бесінші жыл қатарынан шомылуға келеміз. Қызым футболмен кәсіби түрде айналысады және бұл денсаулықты сақтауға көмектеседі", - деді ол.
Шомылу орындары 20 қаңтар түнгі екіге дейін ашық болады.
Шомылып шыққан тұрған
© Sputnik / Абзал Калиев