АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ресейлік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды, деп хабарлады "Газпром" АҚ баспасөз қызметі.
"Алексей Миллер мен Роман Скляр жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар ынтымақтастықтың барысы мен келешегін талқылады. Кездесуде Алексей Миллер мен Роман Скляр газ саласындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қойды", - делінген хабарламада.
Былтыр қараша айының соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Ресейден газды тасымалдау бойынша іс-қимылдарды біріктіру үшін Өзбекстанның қатысуымен "үштік газ одағын" құру мәселесін талқылаған болатын.