Әлем

Ресейдің сыртқы істер министрі G7 мемлекеттері мен Орталық Азия елдері туралы айтты

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қаңтар - Sputnik. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров G7 мемлекеттерінің Орталық Азия елдеріне әсері туралы айтты.
"АҚШ, Еуроодақ және Жапония Ресейге үміт артудың қажеті жоқ. Ресей Батыспен соғыста жеңіліп қалады, деп айтады. Жеңетін тарапты қолдамайтындар батыстағы нарығын және инвестицияларын жоғалтатынын алға тартады", - деді ол сәрсенбіде 2022 жылғы Ресей дипломатиясының нәтижелері туралы баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, Орталық Азия елдерінің Ресейге қарсы санкцияларға қосылмауы да жеткілікті.
"Бізге олардың [Орталық Азия елдері] санкцияларға қосылмағаны жеткілікті. Батысқа тәуелді болмайтын ынтымақтастықтың түрлі тетігі мен құралын ойластырып, жүзеге асырамыз", - деді Лавров.
Орталық Азия елдері мен Ресей қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді - Лавров