Өңірлер

Павлодарда ер адам балалар алаңын "миналады"

Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Павлодарда балалар алаңында мина бар деп жалған хабар таратқан ер адам екі жылға сотталды.
58 жастағы павлодарлық оқиға кезінде мас болған. Ол полицияға қоңырау шалып, балалар алаңына "бомба қойылғанын" айтқан.
Оқиға орнына жеткен шұғыл қызмет адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршады. Тексеріс кезінде мамандар ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот үкімімен ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды.
"Мен жай ғана әзілдегім келді. "112" нөмірін теріп, бомба бар деп айттым. Бұлай қалжыңдауға болмайтынын енді ғана түсініп отырмын, бұл үшін жазаға тартады. Неге қоңырау шалғанымды өзім де түсінбеймін. Мұндай әзіл үшін түрмеге қамап тастайды деп ойлаған жоқпын, жаман ойым болған жоқ", - деп өкінді өз ісіне сотталушы.
Қазір павлодарлық қауіпсіздігі төмен колонияда жазасын өтеп жатыр.