АЛМАТЫ, 18 қаңтар - Sputnik. Миллиардер Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті болды, деп хабарлады федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.
"Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті болды. Ғалым Құсайынов Қазақстан шахмат федерациясының қамқоршылық кеңесіне ауысты, біз қамқоршы ретінде шахматты дамытуға көмектесеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
35 жастағы кәсіпкер және қаржыгер Freedom Finance инвестициялық компаниясының негізін қалаушы.
Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетінде экономика және басқару факультетінде оқып, экономист-менеджер мамандығын алған.
14 жылдан астам халықаралық инвестициялар саласында жұмыс істейді, АҚШ қор нарығының сарапшысы.
Forbes рейтингінде Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің арасында 7-ші орында тұр.
Тимур Турлов Қазақстанда отбасымен 10 жылдан астам тұрып, былтыр Қазақстан азаматтығын алды.