АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 19-21 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады.
Солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның синоптикалық жағдайына одан әрі ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.
Температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды деп болжанып отыр. Түнде және таңертең әлі де аяз болады, бірақ күндіз біртіндеп жылынады.