АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Лейк-Плэсидтегі 2023 жылғы Универсиадада Словакия құрамасын жеңді.
Қазақстан Словакияны 4:0 есебімен ұтты. Шайбаны Максим Мұхаметов (8-минут), Станислав Александров (10-шы), Батырлан Мұратов (20-шы) және Олег Бойко (29-шы) соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиадада қатарынан төртінші рет ірі жеңіске жетті: бұған дейін Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) жеңген болатын.
Айта кетері, Қазақстан 2019 жылы Красноярск қаласында (Ресей) өткен Универсиаданың жартылай финалында Словакиядан 0:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.