Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбританиялық Challenger танктері Украинаға жеткізіле ме?

Sputnik
Украинаға әскери көмек көрсету барысында Батыс елдерінің қару-жарақ арсеналы азайып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Батыстың әлемдегі озық технологиясы, артиллериялық және зениттік жүйелері, стратегиялары мен тактикалары туралы қалыптасқан сенім Украина жеріндегі әскери іс-қимыл театрында күл-талқаны шықты. Ұжымдық Батыс Киев режимінің Ресейді гипотезалық тұрғыда жеңуі үшін ауыр броньдалған техника өте көп көлемде қажет екенін анық түсініп отыр.
16 қаңтарда Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес елдің Украинаға уәде еткен әскери көмек пакеті туралы мәлімдеді. Бұл пакетте Challenger 2 танктері, AS90 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары, жүздеген броньдалған техника, 100 мың артиллериялық снаряд, сондай-ақ төрт соққы жасаушы Apache тікұшағы бар. Дегенмен, Лондондағылар 14 танкті жөнелту Ұлыбританияның бұл мәселеде көшбасшы екенін аңғартқанымен, Украинаға жеңіс үшін 300-ден астам танк пен 500-ден астам жаяу әскерген арналған соғыс машинасы қажет екенін біліп отыр.
"Ұлыбриатния армиясының қатарында екі жүз Challenger 2 танкі, бундесверде және поляк әскерінде 500-ден аз Leopard 2 танкі бар. Батыс аналитиктерінің мәліметі бойынша, негізгі соғыс тарнктерінің саны бойынша әлемде Ресей 12 мың танкке иелік ету арқылы көш бастап тұр. Ал екінші орында 7 мың дана танкпен АҚШ тұр", - деп жазды Хроленко.
Хроленконың мәліметінше, арнайы әскери операция кезінде ресейлік әскер Украина Қарулы Күштеріне тиісті 2000-нан астам танк пен 5500 басқа броньдалған техника, 3840 артиллериялық қондырғыны жойды. Қиратылған әскери техника арасында бұрын Батыс жеткізген 4000 броньдалған техника мен гаубицалар бар. Мұндай статистика АҚШ пен НАТО жеткізілімдерінің арнайыс әскери операция бағытына әсер етпегенін білдіреді.
Ұлыбританиядағы Guardian басылымы Украинаға үлкен қарсы шабуыл жасау үшін кемінде 100 дана НАТО танкі қажет деп санайды. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный бұған дейін Батыстан Мелитопольге қарсы бір ғана шабуыл операциясы үшін 300 танк пен 700 жаяу әскерге арналған соғыс машинасын талап еткен болатын. Ал Bloomberg агенттігі Киев 10 айда Батыстан 410 кеңестік танк және жалпы саны 4 мыңнан астам броньдалған техника алғанын есептеді.
Батыстағылар арнайы әскери операция аймағында НАТО танктері қиратылатынын біліп отыр. Бұл "Челленджерлер" мен "Леопардтардың" халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, нарықтағы сатылымдар бәсеңдейді. Military Watch басылымы Challenger 2 танкінің оқ атуды басқару мүмкіндігі мен қозғалысының шектеулі екенін өткір сынға алып, "британиялық және немістердің 70 тонналық техникасы Донбастағы майданда алдыңғы шепте жүре алмайтынын" жазды.
АҚШ әкімшілігі қаңтардың басында құны 3 миллиард долларды құрайтын Украинаға көмектің 29-шы пакетін бекітті. Бұл әскери көмек танкке қарсы 500 дана TOW зымыраны бар Bradley жаяу әскерге арналған 50 әскери машинаны, 100 дана М113 броньдалған тасымалдаушыны, 155 миллиметр калбирлі 36 дана сүйретілетін гаубицаны қамтиды. 40 жылдан бері қолданыста болған Bradley сынды әскери машина бар әбден тозығы жеткен мұндай техникалар Пентагон қорынан ұсынылып жатыр. Дегенмен, америкалық броньдалған техниканың саны да, сапасы да тактикалық басымдықты қамтамасыз ете алмайды.
Батыстағы аналитиктер НАТО-ның қайта қарулану қарқынына қатысты алаңдап отыр. Ұлыбританиялық жоғары шенді әскери қолбасшы Лондонның Украина Қарулы күштері үшін әскери техника жеткізудегі жомарттығы британ армиясы үшін жаңа қару-жарақ алу проблемаларын туындатып отырғанын мәлімдеді. Ajax броньдалған барлау машиналарын дайындау және өндіру бағдарламасына 10 жыл ішінде 4 миллиард фунт стерлинг (4,9 миллиард доллар) жұмсады. Бірақ 589 дана Ajax машинасы тек келісімшарт түрінде ғана бар.
Хроленконың пікірінше, АҚШ пен НАТО-да Ресейге қарсы тиімді қару-жарақ жоқ және олар стратегиялық тығырыққа тірелді. Арнайы әскери операция аймағындағы эскалация Вашингтон мен оның Еуропадағы одақтастарына тікелей қауіп төндіріп отыр. Ал Ресейге қарсы санкциялар тиімсіз екенін уақыт көрсетті. Сондықтан Украинадағы әскери іс-қимылдар театры Батыс үшін Вьетнам, Ирак, Ауғанстан және Сириядағыдай аяқталуы мүмкін.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.