Саясат

Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қаңтар - Sputnik. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

"Әмірліктер - Ислам және араб әлеміндегі біздің жетекші және сенімді стратегиялық серіктесіміз. Сіздің еліңіз Қазақстанды тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қолдап келеді. Қазақ халқы мұны ешқашан ұмытпайды", - деді Тоқаев.

Ол Араб Әмірліктері елордамыздың дамуы мен абаттандырылуына айтарлықтай үлес қосқанын және бұл "шынайы достықтың жарқын дәлелі" екенін айтты.
"Екі елдің қарым-қатынасында әртүрлі салаларда көптеген жетістіктер бар, алайда екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін кез келді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге алғысымды білдіремін", - деді Қазақстан басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:
1.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі арасындағы стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларация;
2.
Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бас азаматтық авиацияның басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3.
Қазақстанның энергетика министрлігі, "KIDF" қоры және "Masdar" компаниясы арасындағы қағидаттар туралы келісім;
4.
"KIDF" қоры мен "Masdar" компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
5.
Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және "Abu Dhabi Ports" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6.
"ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ және "Abu Dhabi Ports Group" компаниясы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім;
7.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің денсаулық сақтау және профилактика министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
8.
ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Ануар Гаргаш атындағы дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
9.
Қазақстан Республикасы президентінің архиві мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық кітапханасы мен архивтері арасындағы архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жөніндегі келісім.