Білім

Назарбаев стипендиясының атауы өзгерді

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия атауынан Елбасының аты алынып тасталды
Sputnik
АСТАНА, 17 қаңтар - Sputnik. Үкімет тұңғыш президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті.
Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – "мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия".
Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.
Қоғам
Енді Елбасы емес: Назарбаев пен оның отбасы неден айырылды