Перудегі наразылық кезінде 42 адам қаза тапты: ел президенті кешірім сұрады

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Перудегі алты провинцияда бір айға төтенше жағдай жарияланды.
Наразылықтар желтоқсан айының басында басталып, елдің 11 аймағын қамтыды. Осы уақыт ішінде 42 адам қаза тапты. Ел президенті бұл үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлады Хабар 24.
Акцияға қатысушылар ел президенті Дина Болуартенің отставкаға кетуін, парламенттің таратылуын, 2023 жылы жалпы сайлау өткізуді және конституциялық ассамблеяны шақыруды талап етуде.
"Наразылық кезінде перуліктердің қаза болғанына қайғырып, көңіл айтамын. Біздің отандастарымыз да, полиция өкілдері де – әр азамат біз үшін аса құнды. Мен бұл жағдай үшін және осы қайғылы оқиғалардың алдын ала алмағаным үшін кешірім сұраймын", - деді Перу президенті Дина Болуарте.