Непалдағы трагедия: ұшақ жолаушыларының бірі апат болған сәтті видеоға түсірген

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Непалда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир жүргізіп отырған. Марқұмның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
El Dato Noticias Morelos арнасының мәліметіне сәйкес, 35 жастағы үндістандық Сону Джайсвал (Sonu Jaiswal) тікелей эфир арқылы ұшақтың қонғанын көрсеткісі келген. Бірнеше минуттан кейін Yeti Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырайды.
Ұшақта болған 72 адам – жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы қаза тапты.
Әлем
Непалда ұшақ апатқа ұшырады: барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты