Саясат

Мексика Қазақстанда өз елшілігін ашады

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Биыл Астанада Мексиканың елшілігі ашылады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен жыл сайынғы кездесуі өткен.
"Министр Эбрард биылғы міндеттер туралы айта келе, 2023 жылы Мексика 5 жаңа елшілік ашатынын ресми түрде жариялады. Соның ішінде Қазақстан да бар", - деді Смадяров апта сайынғы брифингте.
Ол Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайтынын және Астанада елшілік ашуға көмектесуге дайын екенін атап өтті.