Коронавирус жұқтырған науқастардың саны азайып келеді

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 56 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 70 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 2 159 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 404 991 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Әлем
Қаңтар айында Қытайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт артады