АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Екібастұзда жөндеу жұмыстарына байланысты жүздеген үйге жылу беруді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС таратқан мәліметке сәйкес, 16 қаңтарда сағат 9.00-22.00 кезінде Амангелді көшесінен бастап Бұқар жырау көшесіне дейінгі аралықта жылу жүйесінің бір учаскесі ауыстырылады. Осыған байланысты жылу уақытша болмайды. Ол аумақта 48 жеке меншік үй орналасқан.
Бұдан бөлек, 9.00-17.00 аралығында НО-19И-ден бастап Достық көшесіне дейін жылу болмайды. Жер астындағы жылу жүйесі ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары кезіне 74 жеке меншік үйде жылу болмайды.
ЦТП-251-ден Нұралин, 154 мекенжайына дейінгі аралықықта да жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты Нұралин көшесіндегі 49 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады. Олар: 150, 152, 152а, 154, 154а, 155, 171, 156, 156а, 158, 160, 162, Шәкәрім, 33, 33а, 33б, Чехов, 187, 185, 183, 181, 179, 21 Оңтүстік тұйық көшесі, 18, 20, 22, 24, 26, Амангелді, 3, 5, 5а, 5б, 10, 12, 18 Оңтүстік тұйық көшесі, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30.