Қоян жылы шығыс жұлдызнамасы бойынша өзгерістер мен тағдырға тікелей ықпал ететін оқиғалардың жылы болып саналады.
Астрологтардың айтуынша, қоян жұмсақ, сабырлы. Сондықтан бұл жыл үйлесімді, мейірім және романтикаға толы болуы ықтимал. Сонымен қатар кейбір мәселелерде адамдарға батылдық әкеледі.
Астрологтардың пікірінше, Қоян жылында күтпеген оқиғалар жиі болады. Демек, көптеген адам өзгерістерге тез бейімделуді үйренуге мәжбүр болады. Тепе-теңдік пен үйлесімділікті сақтауға Су элементі көмектеседі.
Азия елдерінде ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың қарсы алуға дайындық қалай жүріп жатқаны туралы суреттер топтамасынан көріңіздер.